Петропавл қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі “Қазақ әндері” жобасы аясында “Солтүстік жұлдыздары” атты ән байқауын ұйымдастырмақшы. Қазақтың үздік әндерін насихаттау, мектептің дарынды балаларын анықтау мақсатында өтетін шараға өңіріміздің кәсіби әншілері тартылмақ. Олар оқушылармен бірге ән шырқайтын болады. Қатысушылардың актерлік шеберлігі, дауысы, сахналық киім үлгілері де бағаланатын болады.
“Қызылжар-Ақпарат”.