
Қазақстанда азық-түлік бағасы бір жылда 10 пайызға, ал ет 15 пайызға қымбаттады. Бұл мәліметтерді «Energyprom.kz» мониторинг агенттігі ұсынды.
“2020 жылдың қаңтар-шілде айларында Қазақстанда ет және ет өнімдері өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,8 пайызға, құс еті – 15,3 пайызға қымбаттады. Сонымен қатар, жалпы алғанда, азық-түлік тауарлары сол кезеңде айтарлықтай қымбаттаған. Жалпы инфляция деңгейі тек 6,5 пайызды құраса, ал азық-түлік, әсіресе еттің бағасы 10-15 пайызға өсуі дағдарыс пен пандемия кезінде қазақстандықтардың қалтасына соққы берді. Халықтың қалтасына ең қатты соққы – ең көп таралған сиыр еті (жылына 17,9 пайыз) және қой еті (18 пайыз) қымбаттауы”, деп жазады агенттік.
https://egemen.kz