«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАЛАЛЫҚТАР ҚЫДЫРУЫН ДОҒАРАР ЕМЕС

Өңірімізде карантин кезінде көшеде бейсауат жүрген 90-нан астам адамға айыппұл салынды. Қалалықтар облыстың бас санитарлық дәрігерінің қаулысын бұзып, әрлі-берлі жүруін тоқтатар емес. Бұл жайт тәртіп сақшылары өткізген рейд барысында анықталды. Техникалық қызмет көрсету станциясында жұмыс істейтін екі ер адам жұмыс күнінің үш сағат бұрын аяқталғанына қарамастан, көшеде жүрген жерінде тоқтатылды. Өздерінің айтуларынша, олар таныстарына бара жатқан. Мән-жай анықталғанша екі азаматтың полиция қосынына баруына тура келді.

Сондай-ақ, такси жүргізушілеріміз деген басқа да жүргізушілер де онлайн-тіркеу анықтамаларын көрсеткенімен, кешке адамдардың барлығы үйде отырған кезде қайда бара жатқандарын түсіндіре алмады.
Кей тұрғындар тіпті мас күйінде көшеде жүргеніне не дерсіз? Петропавлдағы Нұрсұлтан Назарбаев пен Аяған Шәжімбаев көшелерінің қиылысында полицейлердің көзіне түскен 52 жастағы ер адам мас болғандықтан уақытша бейімдеу бөлімшесіне жеткізілді. Танысымен ішімдік ішкен оның іс материалдары төтенше жағдай тәртібін бұзғаны үшін сотқа жіберілмек.
Жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының орынбасары Айдын Ақмағамбетовтың айтуынша, облыс орталығында карантин жарияланғаннан бері төтенше жағдай тәртібін бұзудың 208 дерегі тіркеліп, бейсауат жүрген 90-нан астам адамға айыппұл салынды.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp