«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАМБА АСТЫҚҚА ТОЛАР КҮН ЖАҚЫН

Мағжан Жұмабаев ауданына жұмыс сапары барысында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ауыл шаруашылығы саласындағы жобалармен танысты.

Алдымен Ғауез Торсанұлы «СК Агро-2050» серіктестігіне қарасты тауарлы-сүт фермасы­ның құрылысын аралап көрді. Жоба құны – 8 млрд. теңге. Ферма елдегі ірі қараға арналған ең көлемді кешендердің бірі болмақ. Құрылыс жұмыс­тары аяқталғаннан кейін мұн­да заманауи қондырғылар орнатылады. Жаңа сауу аппара­ты бір уақытта 100 сиырды сауады деп жоспарлануда. Жалпы фермада 3600 бас сауын сиыр бағылатын бола­ды. Алдағы бірнеше жыл ішінде шаруашылық басшысы қара малдың санын 12 мыңға дейін жеткізуді көздеп отыр. 200 бас сүтті сиыр қазан айын­да Эстония мен Украинадан жеткізіледі деп күтілуде.

Сапар барысында өңір бас­шысы жергілікті диқандармен жүздесіп, астық жинау науқа­нының жай-жапсарымен та­нысты. Тиімді агротехнологиялық шаралардың арқасын­да биыл шаруалар мол өнімге қол жеткізіп отыр. Бүгінде ди­қандар астықтың жартысынан астамын (егіс алқабының 55 пайызын) орып үлгерген. 2,5 млн. тонна астық қамбаға құйылыпты. Орташа өнімділік гектарынан 16,9 центнерден айналуда.

«Ауыл шаруашылығы кәсі­порындарындағы мамандар­дың еңбек жағдайына ерекше көңіл бөлінуде. Техника жа­ңартылып, еңбек ету мен ауылды жерде өмір сүруге қо­лайлы жағдайлар жасалуда. Қарапайым еңбек адамдарын қолдау – біздің жұмысымыз­дың басым бағыттарының бірі», – деді өңір басшысы.

Аудан диқандары салаға за­манауи технологияларды бел­сенді түрде енгізуде. Егіс ал­қаптарының 75 пайызында ауа райын бақылау жүйелері, топырақты талдауға арналған датчиктер мен жасанды интел­лект элементтері қолданылып жатыр. Бұл жұмыстың дәлдігін арттырып, шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.

«СК Агро-2050» серіктестігінің бас агрономы Хафиз Амановтың сөзінше, шаруа­шылық алқаптарында бүгінде жиырмадан астам техника жұмыс істеуде.

«Механизаторлар бірнеше алқапта бөлініп еңбек етуде. Қамба астыққа толар күн жа­қын. Жоспарлы жұмысты уа­қытында аяқтаймыз деп отыр­мыз. Ылғалдылық көрсеткіші 18-20 пайыз аралығында. Ас­тықты сақтау орындарына жө­нелту жұмыстары да ойдағы­дай атқарылуда», – дейді Ха­физ Аманов.

Еркебұлан ЕЛУБАЕВ,

журналист.

Мағжан Жұмабаев ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp