Облыста боранның салдарынан бірнеше күннен бері жолдар жабық. Ескертуге қарамастан жолға шыққандарды арнайы қызметтер құтқарып жатыр.
Ауа райындағы өзгерістер жайлы өңір тұрғындарына алдын ала ескертілді. 508 мың адамға “SMS” хабарлама жіберіліп, тұрғындар бұқаралық ақпарат құралдары және “Дәрмен” мобильді қосымшасы арқылы да хабардар болды. Дауылды ескерту жайында жергілікті билік, кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларына да ескертілді.
Жол апаттарының алдын алу мақсатында өңірімізде республикалық және облыстық маңызы бар алты бағыттағы автожол жабылды. Алайда, жолдың жабылғанына қарамастан сапарға шығып, қар кептелісінде қалған жағдайлар да орын алды. 63 адам, соның ішінде 8 бала және батып қалған 23 техника қар құрсауынан шығарылды. Апаттық-құтқару жұмыстарына 7 техника және 13 адам жұмылдырылды. Көмек дер кезінде келгендіктен, зардап шеккендер мен қаза тапқандар болған жоқ.
Сурет https://tengrinews.kz сайтынан алынды.