«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қарды жол жиегіне төккен

Қыс басталғалы қаладан 50 мың текше метр қар шығарылған. Күндіз тұрғындарға кедергі келтірмеу үшін коммуналдық мекемелердің жұмысы, әсіресе түнгі уақытта қызады. Бұл үшін 100-ге жуық техника жұмылдырылған.

Үйінің маңайындағы қарды тұрғын­дар өздері де шығарып жатады. Ол үшін Шаховское елді мекенінің жа­нында арнайы полигон бар. Бірақ кей­де артық қыламын деп тыртық қылатын жағ­дайлар да кездесуде. 41 жас­тағы қала тұрғыны ауласындағы қар­ды “Га­зель” автокөлігіне тиеп, оны жол жие­гіне төгіп кеткен.

– Ол қоқыс араласқан қарды “Гу­док” саяжай қауымдастығының аума­ғына апарып, жол жиегіне аудара салған. Қала кейпіне нұқсан келтіргені үшін оған қатысты әкімшілік хаттама толты­рылып, 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Бұл – 60 мың теңге. Егер оны 7 күн ішінде өтемесе, онда төлейтін айыппұл сомасы 40 АЕК-ке дейін артады, – дейді қалалық поли­ция басқармасы 2-ші полиция бөлімі­нің учаскелік полиция инспекторы Ақжан Әубәкіров.

Мағжан АХМАДИНА.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp