«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАРУ ТІРКЕУДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР

Өткен жылы облыстық полиция департаменті әкімшілік полиция қызметінің мамандары өңір тұрғындарына 4700 мемлекеттік қызмет көрсетті. Екі мыңға жуық солтүстікқазақстандыққа және 55 заңды тұлғаға қару-жарақ және оқ-дәрі сатып алуға рұқсат берілді.

 Ведомствода мемлекеттік қызмет көрсету электронды форматқа көшірілді. Тәртіп сақшылары осыған дейін комиссиялық сатуға жолдама алуға қатысты сегіз қызмет түрін ғана қағаз түрінде көрсеткен. Өткен жылдың аяғында бұл қызмет алынып тасталды. Енді қаруын сатқысы келетін азаматтар жеке куәлігі мен оны сақтауға рұқсат қағазын алып, дүкенге жүгінсе болғаны. Сондай-ақ, тұрғындар азаматтық қаруды сақтауға және ұстауға арналған рұқсат мерзімін ұзарта алмайтын болды. Енді қару иелері әр бес жыл сайын “Электронды үкімет” порталы арқылы жаңа рұқсат ресімдеуге міндетті.
Былтыр тұрғылықты мекенжайы бойынша 8252 қару иесі тексерілді. Нәтижесінде азаматтық немесе қызметтік қару-жарақты сатып алу, сақтау және тасымалдау талаптарын бұзуға қатысты 500-ден астам заңбұзушылық тіркелді.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp