Халықаралық әйелдер күні қарсаңында полиция қызметкерлері аз қамтылған отбасыларына, жетім және ата-ана қарауынсыз қалған балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Олар алдымен көпбалалы ана Қарлығаш Серікбаеваны келе жатқан мерекесімен құттықтап, материалдық көмек көрсетті. “Сіздерге, шексіз алғысымды білдіремін. Тәртіп сақшылары көмек көрсетіп, мүмкіндігінше қол ұшын беріп тұрады”, – деді қуанышын жасыра алмаған Қарлығаш Серікбаева.
Осы күні отбасылық үлгідегі балалар ауылындағы жетім және ата-ана қарауынсыз қалған балалар да тәттілер, жемістер және тағы да басқа сыйлықтар алып, мәз-мейрам болды.
Кездесу барысында балалар кең-байтақ Қазақстан туралы, ел тізгінін ұстап отырған Президент жайлы әңгімелеп, болашаққа құрған жоспарларымен бөлісті.
(Өз тілшіміз).