«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚҰНДЫЛЫҚТАР ҚАЗЫНАСЫ

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қорында 350 мыңнан астам құнды жәдігер бар. Ежелгі дәуірден бастап, бүгінгі егемендігімізге дейінгі ел тарихын қамтитын экспонаттар мұражайдың 13 залында орналастырылған.

Жуырда мұражайда “Қазақ мемлекетінің қалыптасуы” атты жаңа зал ашылды. Сан ғасырлық тарихы бар қазақ жерінің айбынын, Алаштың асқақ рухын бейнелеген бабалар өсиеті, халқымыздың тұрмыс-тіршілігін баяндайтын құндылықтар кейінгі жас ұрпақтың өткен тарих тағылымын жан-жақты танып-білуіне жол ашары сөзсіз.

– Бұл зал қазақ мемлекетінің құрылуы мен қалыптасуына және қазақ этнографиясына арналған. Оған мұражай қорындағы ең құнды жәдігерлерді іріктеп алып, қойып отырмыз. XVII-XVIII ғасырдағы ер адамның бас киімін, дулығалар мен өзге де бағалы заттарды көруге ықылас танытып отырғандардың қатары қалың. Бұл мұражай қызметкерлерінің құлшыныстары мен шығармашылық ізденістерін еселей түсуде, – деді залдың безендірілуі жайымен таныстырған мұражайдың экскурсия жүргізушісі Гүлжауһар Сәдуақасова.

Нұргүл ОҚАШЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp