«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚҰРЫЛЫСШЫ – ҚҰРМЕТТІ МАМАНДЫҚ

Облыс орталығының жыл санап құлпырып, адам танымастай кейіпке енгенін көріп отырмыз. Сұрықсыз үйлер сырылып, орнына жаңа нысандар бой көтеріп, Қызылжардың ажары айшықтала түсуде.  Ескі үйлер көздің жауын алар жарқын түстерге боялуда. Бұл істе, әсіресе, құрыш қолды құрылысшылардың еңбегі ерен. Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінде өткен салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары Асқар Сақыпкереев сала мамандарын төл  мерекелерімен құттықтады.

– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев құрылыс саласы экономикалық дамудың қозғаушы күші екенін баса айтқан болатын. Облысымызда бұл сала жаңа технологиялармен жабдықталып, құрылыс материалдарын өз өңірімізде өндіру қолға алынған. Бұл – саланың табысты дамуының айғағы. Үстіміздегі жылдың алғашқы жеті айында өңірімізде 70 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін бұл көрсеткішті тағы 235 мың шаршы метр үймен толықтыру жоспарланған. Бұл мақсатта 2240 пәтерлі 18 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бұл 8300 солтүстікқазақстандықтың баспана мәселесін шешуге мүмкіндік береді, – деді Асқар Жоламанұлы.
Бұл туралы толығырақ газетіміздің келесі нөмірінен оқи аласыздар. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp