«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҮЙІНДЕ АРАҚ САТҚАН

     

Облыс орталығының Алматы көшесіндегі үйдің тұрғындары көрші әйелдің карантинге қарамастан алкогольдік өнімді сатып жатқаны және үйіне сатып алушылардың келетінін «102» арнасына хабарлаған. Тұрғындар көршілерінің заңсыз әрекетіне қарағанда ол үйге келіп-кететіндердің көп болғанына алаңдаулы болған. Полицейлер тексеру барысында алкогольдік өнімді сату фактісін анықтады. Кіреберісте ізін суытпақшы болған ер адамнан бір бөтелке арақ алынды. Алынғандар сараптамаға жіберіліп, заңсыз кәсіпкерлік қызметі фактісі бойынша 80 мың теңгеге дейін айыппұл көзделген әкімшілік материал жиналды. Айта кетейік, әйел алкоголь саудалағаны үшін наурыз айының басында жауапқа тартылған екен. Оған өткен жылы да 50 мың теңге айыппұл салынған болатын. Аталған фактілер көрсеткендей, осындай әкімшілік ықпал ету шаралары бұзушыға әсер етпеген болып шықты.

 Көпқабатты үйлердің ауласында біреудің көлік жуып жатқаны, үй ауласында бас қосудан тыйылмай жатқандар туралы хабарламалар да түсіп тұрады. Полиция қызметкерлері мұндай құқықбұзушылықтың ешқайсысын назардан тыс қалдырмайды және тұрғындардан карариндік режім талаптарын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp