«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҰЛТТЫҚ ЖОБАНЫҢ ҰТЫМДЫ ТҰСТАРЫ

 Облысқа жұмыс сапарымен Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев келді. Іссапардың басты мақсаты – өңірлік медицинаның қазіргі жағдайын бағалау, сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесінде жүзеге асырылып жатқан басым бағыттар мен мемлекеттік жобалардың барысын бақылау, жергілікті деңгейдегі түйткілді мәселелерді талдау.

Вице-министр алдымен Қы­зылжар ауданына қарасты Бес­көл ауылына барып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Ашық диалог форматында өткен бас­қосуда ауыл тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қо­йып, денсаулық сақтау саласын­дағы өзекті мәселелерді қозғады. Жиын барысында Тимур Сұл­танғазиев азаматтарды жеке қа­былдап, көтерілген сауалдарға нақты жауап беріп, кейбір мәсе­лелерді шешуді сол жерде жүрген жауапты мамандарға жүктеді.

Кездесу барысында вице-ми­нистр елімізде ауылдық жерлер­де медициналық көмектің қол­жетімділігін арттыру бағытында кешенді жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Қазіргі таң­да «Ауылдық денсаулық сақтау­ды жаңғырту» атты ұлттық жоба іске асырылуда. Бұл бастама ауыл тұрғындарына сапалы ме­дициналық қызмет көрсету, ал­ғашқы медициналық-санитар­лық көмекті күшейту, денсаулық сақтау нысандарының мате­риалдық-техникалық базасын жаңарту секілді маңызды бағыт­тарды қамтиды.

Тимур Сұлтанғазиевтің ай­туынша, облыста бүгінде шама­мен 7 мыңға жуық медицина қызметкері еңбек етеді, оның ішінде 1700-дейі – дәрігерлер. Алайда кадр тапшылығы әлі де өзекті. Қазіргі таңда өңірге 170- тен астам дәрігер және шамамен осынша орта медициналық буын мамандары қажет.

Сонымен қатар сапар аясын­да вице-министр денсаулық сақ­тау саласында жүргізіліп жатқан инфрақұрылымдық жобалардың барысымен танысып, бірқатар емдеу мекемелерін аралады.

Ләзиза МЫРЗАНТАЙҚЫЗЫ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp