Петропавл қалалық полиция басқармасы криманалдық полиция бөлімінің қызметкерлері Қызылжар аудандық полиция бөліміндегі әріптестерімен бірлесіп, бірнеше дүкенді тонады деген күдікпен үш адамды қолға түсірді.
Олар ұрлықтың бәрін бір сценарий бойынша жасап келген: дүкенге сатып алушы ретінде келіп, екеуі сатушының көңілін аулайды, ал үшіншісі оңтайлы сәтті пайдаланып, керек тауарын қолды етіп отырған.
Оларды ұстау оңай болған жоқ. Бір жерде тұрақтамай, жалдамалы пәтерлерде тұрған, немесе үнемі жолда жүрген, Бескөл ауылына жиі қатынаған. Олар бұған дейін сотталған 1976, 1987 және 1989 жылғы петропавлдықтар болып шықты. Үшеуі де тергеу изоляторына тоғытылды. Ұрыларды қолға түсіруде дүкен иелері орнатқан бейнебақылау камераларының көмегі тиді. Әзірге бұл іс 6 эпизодтан тұрады. Күдіктілердің басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
Былтыр облыс аумағындағы дүкендер мен сауда үйлерінде жасалған 187 ұрлық тіркелді.