Петропавлдық Юлия Пропустина жазғы президенттік көпсайыстан өткен әлем біріншілігінде қола медальға ие болды.
Ресей Федерациясының Ялта қаласындағы халықаралық спорттық аренада еліміздің намысын қорғаған 25 жастағы Юлия спорттық мансабында алғаш рет әлем біріншілігінің үздік үштігінің қатарынан табыла білді. Еліміздің бірнеше дүркін жеңімпазы бұған дейін әлемдік додаларда тек төртінші, алтыншы орындарды місе тұтып келген болатын. Ялтадағы жеңісінің арқасында жерлес спортшы халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындады.
Президенттік көпсайыс бойынша халықаралық біріншілікке әлемнің 13 елінен 196 спортшы қатысқанын атап өткен жөн.
(Өз тілшіміз).