«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘРДАЙЫМ АЛҒЫ ШЕПТЕ

Ерте көктеммен бірге өңірімізде дала жұмыстарына әзірліктің қыза түсетіні белгілі. Биылғы науқанға білек сыбана кіріскелі отырғандардың қатарында Жамбыл ауданындағы “Атамекен-Агро” серіктестігі де бар. Мұнда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп жүрген механизаторлардың бірі – Берік Дайыров.

Ауыл шаруашылығы техникасын тізгіндегеніне 25 жыл болған білікті маман Пресновкадағы кәсіптік-техникалық училищені тамамдаған. Өзіне сеніп тапсырылған техниканы маңызды науқанға сақадай сай етіп қою – оның ежелгі әдеті. Бүгіндері де ол осы іспен айналысуда.

Қысы-жазы “темір тұлпарынан” түспейтін ол биыл да озаттар қатарынан көрініп, ұжым табысына лайықты үлес қоспақ.

СУРЕТТЕ: Б. Дайыров.

Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp