«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘСКЕРИЛЕРДІҢ КӨМЕГІ

Петропавл қаласының көшелерін зарарсыздандыруға әскери қызметшілер де ат салысып жатыр. Облыстық қорғаныс істері департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлға «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 50 сарбазы келді. Жамбыл облысында келісімшарт бойынша әскери қызмет атқаратын олар еліміздің солтүстігінде дезинфекциялық жұмыстарды атқаруға көмектеседі.

 -Әскери қызметшілер ең алдымен басқару формасы жоқ иесіз көп қабатты тұрғын үйлердің кіреберістерін, есік алдарын зарарсыздандырады. Мұндай баспаналар көбіне «Жас өркен» шағынауданында, Былғары зауыты, Жұмысшы кентінде орналасқан. Олар негізінен 2-3 қабатты ғимараттар. Петропавл қаласын 4 секторға, ал оларды ыңғайлы болу үшін шағын бөліктерге бөлдік. Әскери қызметшілер қаланың орталық көшелерінде де еңбек етеді. Шағын сәулет ескерткіштерін, балалар мен спорт алаңдарын да зарарсыздандырады, – дейді Петропавл қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы Ерлан Қайырбеков.

       Петропавлға келген әскери қызметшілер Бескөл ауылындағы интернатқа орналастырылды. Арнайы киім-кешекпен, зарарсыздандыратын құрал-жабдық, препараттармен толық қамтылды. Күнделікті алты сағаттан артық жұмыс істейтін сарбаздар қазір Жамбыл көшесіндегі карантинге жабылған подъездерді, балалардың ойын алаңы мен ауланы диахлор ерітіндісімен дезинфекциялауда.

https://www.inform.kz/


 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp