«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨЗЕКТІ ТАҚЫРЫП

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде “Қазіргі білім беру жүйесі, оқытудың жаңа педагогикалық технологиялары” тақырыбында семинар өтті. “География және экология” кафедрасы ұйымдастырған шараға оқытушылар мен студенттер қатысты.

Семинар жұмыс берушілермен өзара қарым-қатынасты нығайту арқылы түлектердің болашақ қызмет орнын анықтау және білім алушыларға кәсіптік бағдар беру жағдайларын қарастырудан басталды. Бұл мәселелер, әсіресе, жоғары курс студенттері үшін өзекті. Өйткені, олар білімдерін жалғастыра ма немесе мамандығы бойынша еңбекке араласа ма, өз таңдауларын жасаулары керек.

Семинарда білікті мамандарды даярлау ісіндегі жаңа педагогикалық технологиялардың маңызы туралы баяндамалар жасалды. Солардың негізінде кафедра оқытушылары жаңа оқу-әдістемелік құрал басып шығаруды көздеп отыр.

Индира ЖОЛДАЯҚОВА, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің студенті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp