Петропавлда Демиденко көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінде шыққан өрт кезінде қою түтінге тұншыққан 1947 жылы туған үй иесі құтқарылды. Өрт сөндірушілер сыртқа шығарған қарияға «жедел жәрдем» қызметкерлері көмек көрсетіп, ауруханаға жатқызылды. 4 шаршы метр аумаққа жайылған өртті сөндіруге екі техника мен 7 құтқарушы қатысты.
Өрт себебі мен келтірілген материалдық шығын мөлшері есептелуде.