«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АБАЙ БОЛЫҢДАР, БАЛАЛАР!

Полиция қызметкерлері облыс орталығындағы №10 мектептің бастауыш сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында жол сақшылары мектеп оқушыларына түрлі-түсті үгіт-насихат материалдары мен киімдеріне немесе сөмкелеріне тағып алу үшін жарыққа шағылысып, алыстан байқауға мүмкіндік беретін құралдар таратты. Бұған қоса оқу жылын үздік бітірген 50 оқушыға “autocontrolkz” компаниясы мен жол полициясы қызметкерлері бірлесіп ерекше сыйлық жасады. Олар балаларды кездейсоқ оқиғалардан тегін сақтандырды. Кездесудің соңында СҚО ІІД АПБ аға инспекторы, полиция майоры Әбілсейіт Жолаушин балалардың жазғы демалыстарын қызықты әрі қауіпсіз жағдайларда өткізулерін тіледі.

Ольга ШИЯН,

облыстық Ішкі істер департаментінің

баспасөз қызметкері.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp