«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЖАЛДАН АЛЫП ҚАЛДЫ

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментке хат келді. Хат иесі Булаево қаласының тұрғыны Надежда Корейкина: “Өртсөндірушілердің шебер және үйлесімді әрекеттерінің арқасында жиенім өлім аузынан аман қалды. Құтқарушыларға шын жүректен алғысымды білдіремін”, – деп жазыпты.

Бұл оқиға үстіміздегі жылдың 24 қаңтарында болған еді. Түннің бір уағында түскен хабардан кейін Булаево қаласындағы №12 өрт сөндіру бөлімінің жедел тобы оқиға орнына жетті. Өртсөндірушілер келгенше жалын үйдің шатыры мен дәлізіне, қора-қопсысына тарап үлгеріпті.

Көршілер үйде ер адамның болуы мүмкін екенін айтады. Осы сөзді естіген құтқарушылар жедел қимылдап, іздестіру жұмыстарын бастайды. Олар көп кешікпей жалынның ортасынан ауыр халдегі 40 жастағы ер адамды және үш газ баллонын алып шықты. От екі жарым сағатта толық сөндірілді. Тілсіз жауды бұғалықтауға екі бірлік техника мен жеке құрамның алты құтқарушысы қатысты.

Амангелді ӘУЕСХАНОВ,

“СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ” ММ

мемлекеттік тіл және ақпарат тобының

баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp