Облыста алимент төлеуден жалтарып жүрген азаматтарды және борышкерлерді іздестіру бойынша үш күнге созылған акция қорытындыланды. Шара барысында 126 іс қарастырылған.
Облыстық Ішкі істер департаменті көші-қон полициясы басқармасының бастығы Еркетай Тұтқышевтің мәліметінше, үш күннің ішінде 33 адамның жүрген жері анықталған. Олардың 7-уі – алимент төлемегендер, 18-і – борышкерлер және 8-і – жақындарымен байланысын үзген азаматтар.