Өңір басшысы Ерiк Сұлтановтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте 2017 жылы барлық деңгейдегi әкiмдердiң есеп беру кездесулерiн өткiзуге дайындық барысы пысықталды. Облыс әкiмi аппаратының басшысы Мадияр Қожахметтің айтуына қарағанда, үстіміздегі жылы барлық деңгейдегi әкiмдердiң тұрғындармен 656 есеп беру кездесуi өткiзiліпті. Келесі жылы да 656 кездесу ұйымдастыру жоспарланған.
Алда келе жатқан жаңа жылдық мерекелерде қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету аса маңызды. Облыстық ішкі істер департаменті бұл күндері “Құқықтық тәртiп” жедел-алдын алу шараларын өткізбек. Өңiр басшысы жаңажылдық мерекелердi өткiзу кезiнде қауiпсiздiктi жоғары деңгейде сақтауды тапсырды.
Ал мерекенің көңілді өтуі үшін облыс бойынша 384 мұз қалашығы салыныпты. Мұнымен қоса, хоккей қорапшаларын ашу мен қайта салу жұмыстары да қолға алынған. Бүгiнгі таңда өңірімізде 402 хоккей қорапшасы бар.
Облыс әкімінің
баспасөз қызметі.