«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АНАЛАР ДА, БАЛАЛАР ДА ҚУАНДЫ

Жаңа жыл қарсаңында облыстық іскер әйелдер қауымдастығы және “Қызылжар аналары” қоғамдық бірлестігі қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Көпбалалы отбасынан шыққан балғындарға мерекелік дастарқан жайылып, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Алтын құрсақ аналарға қолдау көрсетіп, отбасы құндылығын, ата-ана мен бала арасындағы өзара сыйластықты, салт-дәстүрді насихаттайтын шара жыл сайын өткізіледі. Ұйымдастырушылар аналар мен балаларға жаңажылдық тамаша көңілкүймен қатар, сыйлықтар сыйлады.

– Біздің мақсатымыз – көпбалалы аналарға, аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға қамқорлық көрсету. Мұндай игі шара алдағы уақытта да жалғасын табатын болады, – дейді облыстық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Бақытжан Сәмиева.

Алма ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp