«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АРЗАН ТАУАР ҰСЫНАДЫ

Облыстық кәсіпкерлер палатасы бизнес ортаның тұрғындар алдындағы әлеуметтік жауапкершілігін арттыру мақсатында бірқатар ұсынысты назарға алған болатын. Солардың бірі – сауда орындарында әлеуметтік дүңгіршектер ашу. Оларда әлеуметтік маңызы зор азық-түлік тауарларын төмен бағамен сату ұсынылды.

Жобаны бірінші қолдаған “Оптима Север” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болды. Ол облыс орталығындағы “Еуразиялық” базарында осындай алғашқы дүңгіршегін ашты. Енді оның бағасы төмен тауарларын кез келген тұтынушы сатып ала алады.

Динара БЕКТҰРОВА,

облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp