«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АРЫҚБАЛЫҚТЫҚТАРДЫҢ ҚУАНЫШЫ

Айыртау ауданының Арықбалық ауылында дәрігерлік амбулатория мен терапевт бөлімшесі ашылды. Нысанның ашылуына аудан әкімі, “Нұр Отан” партиясы аудандық филиалының төрағасы Ағзам Тастеміров қатысып, “100 нақты қадам” Ұлт жоспары аясында бастапқы медициналық көмек жұмысы ширай түсетінін жеткізді.

Арықбалық – бұрын аудан орталығы болған ірі елді мекен. Қазір онда 5 мыңға жуық тұрғын бар. Осыған дейін дәрігерлік амбулатория мен емхана ғимараттары күрделі жөндеу көрмегендіктен тұрғындардың сапалы ем-дом алуына қалыпты жағдай жасалмай келсе, енді республикалық бюджет қаржысы есебінен толық қалпына келтірілді. Жаңғырту нәтижесінде емхана, терапевтік және педиатриялық қызметтер жайлы 2 қабатты ғимаратқа орналастырылды. Дәрігерлік амбулаторияның 21 маманынан бөлек шағын ауылдардың тұрғындарының денсаулығын 6 медициналық пункттің қызметкерлері қадағалайды.

Дәрігерлік амбулаторияда асхана, кір жуатын орын, түрлі зертханалар, тіс дәрігері кабинеті, 10 орынға арналған терапевт бөлімшесі мен 6 төсек-орындық күндізгі ем қабылдау орны жұмыс істейді.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp