«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАЛАЛАР БІР МАРҚАЙЫП ҚАЛДЫ

“Нұр Отан” партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Артур Молдағұлов мүмкіндіктері шектеулі мектеп оқушыларын Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесімен құттықтап, сыйлық ретінде DVD-плеерлерін тарту етті.

Сыйлыққа ие болған балалар білімде де, өнерде де жақсы нәтижелерге қол жеткізіп жүр. Балалардың біреулері әдемі сурет салса, екіншілері – жалпы білім беретін пәндер олимпиадаларында жетістіктерге қол жеткізгендер.

Анастасия Воротынцева өзінің бейнелеу өнеріне әуесқойлығын республикалық және өңірлік конкурстарда бірнеше мәрте дәлелдеді. “Таяуда ғана көркемсурет мектебін бітірген кезде республика бойынша екінші орын иеленген дипломдық жұмысым үшін мені сертификатпен марапаттады. Әрине, бұл мен үшін үлкен жетістік. Балаларды қорғау күні мерекесі күніне орай сыйлық алу қуанышымды еселей түсті. Мүгедектер мен жетім балалар күн сайын қолдауды аңсайды, ал осындай тосын сый бізді қуанышқа бөлейді”, – дейді Анастасия.  

“Үлкеннің мыңын қуантқанша, баланың бірін қуант” дегендей, мүмкіндігі шектеулі және жетім балалар сыйлыққа қуанып қалды. Мектеп оқушыларына мерекелік сыйлықтарын табыс еткен “Нұр Отан” партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Артур Молдағұлов партия мен мемлекет өскелең ұрпаққа әрқашан қамқорлық көрсетіп отыруы тиіс екендігін айтты.

(Өз тілшімізден). 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp