«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАРША ҮШІН МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ

“СевКазЭнерго” акционерлік қоғамының Петропавлдағы №2-ші жылу-электр орталығы бірнеше жыл бойы энергия үнемдеу жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру бағытында белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Кәсіпорын өзінің өндірістік көрсеткіштерін арттырса да, алынатын энергияны тиімді пайдалану қажеттігін назардан тыс қалдырып отырған жоқ. Бұл істен тұтынушылар да шет қалмағаны жөн. Себебі, жылу мен энергияны тек бірлескен күшпен ғана сақтауға болады.

Бүгінгі таңда “СевКазЭнерго” акционерлік қоғамы өндірістік көрсеткіштермен бірге, экологиялық көрсеткіштерді жақсаруға мүмкіндік беретін тиімді технологияларды енгізуге, ал ең бастысы, ескірген жабдықтың тозуын азайту есебінен техникалық шығындарды қысқартуға айрықша маңыз беруде.

Жыл сайын №2-ші жылу-электр орталығында энергия үнемдеу бағдарламасы әзірленіп, жүзеге асырылуда. 2013 жылы “Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы” Заңға сәйкес кәсіпорында ISO 50001:2011 энергоменеджмент енгізілген болатын. Сол жылы “СевКазЭнерго” АҚ-да энергетикалық менеджмент жүйесінің талаптарының сәйкестігіне сертификациялық аудит өткізілді, соның негізінде №01 407 1321852 сәйкестік сертификаты берілді. Бұдан басқа биыл энергетикалық аудит өткізіле бастады, ол бес жылға энергия үнемдеу бойынша бағдарламаны әзірлеуге мүмкіндік береді.  

Компания 2009-2015 жылдары энергетикалық кешенді жаңғыртудың ұзақ мерзімді бағдарламасын әзірлегенін атап айтуға болады. Оны әзірлеу барысында кәсіпорын ең алдымен ресурс және энергия үнемдеудің талаптарын басшылыққа алды.

Осылайша, 2012 жылы №6 және №7 қазан агрегаттарын қайта құру бойынша жұмыстар жүргізілді. Бұл №6 қазан агрегатының іс жүзіндегі пайдалы әсер коэффициентін 3,21 пайызға, ал №7 қазан агрегатының іс жүзіндегі пайдалы әсер коэффициентін 2,48 пайызға арттыруға мүмкіндік берді. Нәтижесінде станса шартты жылда №6 қазан агрегаты – 6967 тонна, ал №7 қазан агрегаты 6606 тонна көмір үнемдеді. Сондай-ақ, 2013 жылы стансада №4 турбоагрегат іске қосылды. Жаңа турбинаны монтаждау 2015 жылға дейін жоспарланған болатын. Оны іске қосу Қайта құру және техникалық қайта жарақтандыру инвестициялық бағдарламасын жүзеге асыру арқасында мүмкін болды. Жаңа жабдықты орнату стансаға электр энергиясын беруді – 63 МВт, ал жылу энергиясын жіберуді 96 Гкал арттыруға мүмкіндік берді. Енді электр энергиясын қосымша өндіру жыл ішінде 388,8 млн. кВт/с жетеді, отын үнемдеу жылына 63,7 мың тонна көмірді құрайды. Жобаның құны 6,1 млрд. теңге тұрады.

Қазір №8 қазан агрегатын монтаждау жүргізілуде, жұмыстар биыл тамыз айында аяқталады деп жоспарланып отыр. Қазан агрегатын іске қосу күзгі-қысқы кезеңде станция жұмысының сенімділігін және үнемділігін арттыруға мүмкіндік береді, қазан агрегатының пайдалы әсер коэффициенті 91,3 пайызға артады. Монтаждау бойынша шығындардың сомасы 4,6 млрд. теңгені құрайды.

2014 жылы стансада №12 қазан агрегатын қайта құру жоспарланып отыр, №1 турбоагрегатты ауыстыру қолға алынды, №5 турбоагрегатты ауыстыру бойынша да жұмыстар басталады.

Өткен жылы стансада электр энергиясын жіберуге отынның үлесті шығындары 447,87 ш.о.г./скВт (сағатта киловатқа шартты отынның грамы) (2012 жылға қарағанда – 10 ш.о.г../кВт/с азайды), ал жылу энергиясын жіберуге – 203,26 ш.о.кг./Гкал (2012 жылға қарағанда 1,18 ш.о.кг./Гкал азайды) құрады. Осылайша, 2013 жылы станса 24,8 мың тонна көмір үнемдеді.

Үстіміздегі жылы стансада электр энергиясын жіберуге жоспарланатын отынның үлесті шығындары 429,98 ш.о.г./скВт (2012 жылға қарағанда – 17,89 ш.о.г../кВтс азайтуы), ал жылу энергиясын жіберу – 200,38 ш.о.кг./Гкал (2013 жылға қарағанда 2,88 ш.о.кг./Гкал азайтуы) құрады. Жоспарланатын үнем – 47,07 мың тонна көмір.

Былтыр “СевКазЭнерго” акционерлік қоғамының №2-ші жылу-электр орталығы 2,6 млрд. кВтс электр энергиясын өндірді, 2014 жылға жоспарда – 2,69 млрд. кВтс, ол 2013 жылға қарағанда 3,3 пайыз артық. 2013 жылы – коллекторлардан 1790 мың Гкал жылу энергиясы жіберілді, 2014 жылға жоспарда – 1830 мың Гкал, ол 2013 жылға қарағанда 2,2 пайыз артық.

“СевКазЭнерго” акционерлік қоғамының №2-ші жылу-электр орталығы үшін энергия үнемдеу маңызды мәселердің бірі болып табылады. Энергетиктер жақсы нәтижелерге қол жеткізе отыра, бұл мәселені ойдағыдай шешуге үйренді. Бұл – жүйелі, кезең-кезеңмен жүргізілетін, үзіліссіз және өте күрделі жұмыс.

Виктор БАРМИН,

 “СевКазЭнерго” акционерлік қоғамы Петропавл №2-ші жылу-электр орталығының директоры.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp