«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАСТЫ НАЗАРДА – БАЛЫҚШЫЛАР

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің қызметкерлері белсенді демалысты ұнататын адамдардың балық аулайтын орындарында алдын алу сипатында түрлі іс-шаралар жүргізуде.

Жуырда Петропавл қаласының Есіл өзені бойында және Жамбыл ауданында балықшылардың көп шоғырланатын орындарына кезекті рейд жүргізілді. Департамент қызметкерлері балықшылармен жүзу құралдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелері жөнінде әңгіме өткізді. Әсіресе, балықшылардың айдын бетіне шықпас бұрын қайықтың бүтіндігін тексеріп, жарамдылығына көз жеткізуі және ескектердің бүтіндігін дұрыстап тексеру қажеттігіне баса назар аударылды. Сонымен қатар қайық ішінде міндетті түрде құтқару шеңберінің, кеудешенің, су төгетін ыдыстың болуы керектігі жайында да айтылды.
Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент күзгі балық аулау кезінде су айдындарына шыққан кезде қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңыздылығын еске салады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp