«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАС ЖҮЛДЕ – АЛАҢ ИЕЛЕРІНДЕ

Уәлиханов ауданының орталығында 2003-2004 жылдары туған балалар мен жасөспірімдер арасында футболдан облыстық “Былғары доп” турнирі өтті. Жас футболшыларымыздың шеберлiгiн арттыру және тәжiрибелерiн шыңдай түсуді көздеген шараға Петропавл қаласы мен аудандық кезеңдердің жеңімпаздары келді.

“Миллиондардың ойыны” атанған футбол додасының қорытындысы бойынша Уәлиханов, Ақжар және Қызылжар аудандарының командалары өз топтарында жеңіске жетіп, ақтық сында өзара шеберлік сынасты. Ақтық кездесулерде шеберліктерін дәлелдеген Уәлиханов ауданының жас футболшылары жеңімпаз атанды. Ал екінші орынды Қызылжар ауданы жеңіп алса, Ақжар ауданы үшінші орынға жайғасты.

Үздіктер қатарынан көрінген ойыншылар демеушілер тарапынан тағайындалған бағалы сыйлықтармен марапатталды.  

Енді турнирдің жеңімпазы Уәлиханов ауданының құрама командасы Семей қаласында өтетін республикалық додаға қатысады.

Қанат СӘДУАҚАС,

облыстық Дене тәрбиесі, спорт және АӘД өңірлік оқу-әдістемелік орталығының басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp