«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАТЫРҒА АРНАЛҒАН КЕШ

Петропавлдағы Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында “Дара тұлға, дана тұлға” атты әдеби іс-шара өтті. Оны кітапхананың шетел және ұлттық әдебиеттер бөлімінің мамандары ұйымдастырды. Қазақ халқының қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлының 105 жылдығына арналған шара батырдың туған күні – 24 желтоқсанға орайластырылды.

Өмірі өнегеге толы, жүрегі ерліктен жаратылған ұлы тұлғаның өмірі мен еңбектерінің, өмірден өткеннен кейін жарық көрген туындыларының, ол жайында жазылған естеліктер мен шығармалардан құралған кітап көрмесі жиналғандарды жақсы әсерге бөледі. Қазақ келіндерінің символына айналған батырдың келіні Зейнеп Ахметованың қайын атасының тектілігі, отбасындағы рөлі жайлы айтқан естелігі экран арқылы көрсетілді. Ол арқылы қатысушы жастар ұлы тұлғаның беймәлім қыр-сырына қанықты.

Облыс орталығындағы №19 мектептің өлеңге құштар, әдебиетке әуес оқушылары оқыған өлең-жырлар жиынның мағынасын аша түскендей болды.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp