«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛМЕК

Облыс орталығында “Тәртіпсіздік пен құқық бұзушылыққа нөлдік төзімділік” атты республикалық акция өтті.

Шара барысында жергілікті полицейлер шаһардағы сапаржай аумағын, сауда үйлері мен базарлардың жол жиегін назарда ұстады. Өйткені, осы аумақта заңсыз қаржы табу жолын іздеген көлік жүргізушілері көптеп кездеседі. Мұндай тасымалдаушылар салық төлеуді айтпағанда, тіпті, жолаушының жүгіне де жауап бермейді. Осы жағдайларды ескерген тәртіп сақшылары заң бұзушылыққа тосқауыл қою үшін “темір тұлпар” иелерінің адам тасымалдауға рұқсаты бар-жоғын тексерді.

Әкімшілік полициясы басқармасы мамандарының айтуынша, адам тасымалдайтын көлік жүргізушілерінде, ең алдымен, осы кәсіппен шұғылдануға рұқсат беретін ақпараттандыру талоны болуы тиіс. Сондай-ақ, техникалық және медициналық бақылаудан өткендігі жөнінде белгісі бар тіркеу журналы қажет.

Жергілікті полицейлер заңсыз тасымалмен шұғылданатын көлік иелерін әшкерелеуді алдағы уақытта да жалғастырамыз, деп отыр.

Бақыт СӘДУАҚАСОВ,

журналист.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp