«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БИЫЛ 68 ВЕЛОСИПЕД ҰРЛАНҒАН

Қазіргі уақытта қала көшелерінде 400-ден астам камера жұмыс істеп тұр. Оның 300-ден астамы учаскелік полиция бекеттеріне қосылған. Құрылғылардың қылмыстың бетін ашудағы пайдасының зор екенін уақыттың өзі көрсетіп отыр. Мәселен, жыл басынан бері  ұрланған 68 велосипедтің басым бөлігі иелеріне қайтарылыпты.

Қараусыз қалған велосипедтер көбінесе үйлердің ауласы, жертөлелер мен подъездердерде қолды болады. Сондықтан полицейлер қала тұрғындарынан бейнебақылау камераларын орнатуларын сұрайды.
Шілде айының өзінде бейнебақылау камерасының арқасында 2 петропавлдық азамат велосипедін тапқан. Оның бірі қос дөңгелекті көлігін жертөледе қалдырған болса, енді бірінікі подьезде тұрыпты.
Жалпы, жыл басынан бері Петропавлда бейнекамералардың көмегімен 500-ден астам қылмыстың беті ашылған.

mtrk.kz

Сурет http://pressa40.ru сайтынан алынды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp