Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму” Жолдауында: “Бүгінде көптеген жайттар Ұлы Қазақстан жолы мен “Мәңгілік Ел” идеясын бастап отырған өзімізге байланысты. Біздің ұзақмерзімді, ортамерзімді және таяу болашаққа арналған іс-қимыл стратегиямыз бар”, – дей келіп, дағдарысқа қарсы қолданылатын басты шараларды алға тартты.
Біздің өңір де сол мақсаттарды жүзеге асыру үшін ауқымды жұмыстарды абыроймен атқару үстінде. Солардың бірі – энергетика кешенін дамыту. 2015 жылғы 18 қыркүйекте 5,6 млрд. теңгеге №2 жылу-электр орталығының №1 құбыр-агрегаты қайта жаңғыртудан өтті. Сөйтіп, аталмыш турбина станцияның электр қуатын 63 МВт-қа арттырды. Орталық енді жыл бойы 500 млн. кВт/сағат электр қуатын өндіріп, бір жылда 37 мың тонна көмір үнемдейтін болды.
Жасыл технологияны енгізу бағдарламасы бойынша Қызылжар ауданындағы “Зенченко және К” КС-де германиялық “NEG MICON” фирмасының қуаттылығы 1 МВт-ты құрайтын екі жел энергиясы қондырғысы орнатылды.
Өңірлерді дамыту бағдарламасы жүзеге асырыла бастағаннан бері сомасы 2,4 млрд. теңгеге 157 көпқабатты тұрғын үй жөнделді, оның 14-і – қайтарым қаражаты есебінен.
2015 жылы Петропавл қаласында 6 көпқабатты тұрғын үйді жөндеу үшін 136,5 млн. теңге бөлінді, оның 5-еуінде құрылыс жұмыстары аяқталды, қалған 1-еуін биыл көктемде аяқтау жоспарланған. Қайтарым қаражаты есебінен Петропавлда – екі, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда 1 көпқабатты тұрғын үй жөнделді.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша 35,8 мың тұрғыны бар 41 елді мекеннің сумен жабдықтау жүйесі жақсарды, 3 ауылға су берілді. Соның арқасында ауылдарды орталықтандырылған сумен жабдықтау 55,8 пайызды құрады. Осы мақсатқа 4,9 млрд. теңге бағытталды.
Есепті кезеңде “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасына орай сомасы 1502,1 млрд. теңгенің 5 жобасы жүзеге асырылды. Жобаларға сәйкес 2,5 шақырым жол, 1,5 шақырым су құбыры желісі, 27,7 шақырым электр желісі, 1,8 шақырым кәріз, 0,41 шақырым жылу желісі қайта жаңғыртылды.
“Нұрлы Жол” инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында бюджеттік кредиттеу есебінен сомасы 1994,6 млн. теңгеге облыс орталығындағы жылу мен су тарту желілері қалпына келтірілді.
Облыстың елді мекендерін көгалдандыруға арналған үшайлық кезінде 4,5 мың шақырымнан астам көшелер мен жолдар, 1422 оқу мекемелерінің аумақтары, бақтар мен алаңдардың 751 мың шаршы метрі, барлық ескерткіштер мен обелискілер тәртіпке келтіріліп, 221 мың текше метр көң-қоқыс шығарылды, 45 мың түп ағаш пен 19 мың түп бұта егілді, 47 мың шаршы метр гүлзар, 54 балалардың ойын алаңы жасалды.
Биылға белгіленіп отырған жұмыс та ауқымды.
“СолҚазЭнерго” АҚ-ның №2 жылу-электр орталығы биыл №12 қазандық-агрегат пен №5 құбыр-агрегатты қайта жаңғыртуды аяқтауды жоспарлауда. Жобалардың құны сәйкес түрде 3,1 және 6,5 млрд. теңгені құрайды. Бұл шара жыл соңына қарай станцияның қуаттылығын 541 МВт-қа арттыруға мүмкіндік беретін болады. Нәтижесінде құбыр цехының жабдығы 71,4 пайызға, ал қазандық цехы 50 пайызға жаңартылады.
“Петропавл Жылу желілері” ЖШС инвестициялық бағдарлама қаражаты есебінен және Еуропа банкінің қарызына, яғни сомасы 2,5 млрд. теңгеге 8,2 шақырым жылу желілерін жаңартып, 1,114 шақырымның оқшаулағышын қалпына келтіреді.
“Солтүстік Қазақстан Тарату Электр компаниясы” АҚ кәсіпорынның инвестициялық бағдарламасы есебінен 1035 млн. теңгеге жабдықтарды жаңартады.
2016 жылы пәтер иелерінен сомасы 144 млн. теңгенің қаражаты қайтарылады деп күтілуде. Аталмыш қаражатқа 8 көпқабатты тұрғын үйдің жөндеуін аяқтау жоспарлануда. Сонымен бірге ҚР Ұлттық экономика министрлігіне жалпы сомасы 505 млн. теңгеге 17 көпқабатты тұрғын үйді жөндеу үшін бюджеттік өтінім берілген.
“2020 жылға дейін өңірлерді дамыту” бағдарламасы аясында Тайынша қаласы мен Уәлиханов ауданындағы Чехов, Кішкенекөл ауылдарын сумен жабдықтау, Мағжан Жұмабаев ауданындағы 3 ауылда құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтау қарастырылуда.
Петропавл қаласында “Кәріздерді тазарту құрылғыларының технологиялық схемаларын жаңғыртуды (4-кезегін) аяқтау” жобасын жүзеге асыру жалғасады.
Биыл “Қызылжар су” ЖШС-де жалпы сомасы 3,5 млрд. теңгеге сумен жабдықтау және су беру нысандарын қайта жаңарту бойынша 7 жоба іске асырылады.
Жаңа жылда “Айыртау ауданындағы “Сырымбет” кен орнынан қалайы өңдеу бойынша тау-кен-металлургия комбинатына сыртқы электрмен жабдықтау желісін салу”, “Айыртау ауданындағы Арықбалық ауылына жазғы үйлер үшін ВЛ-10 кВ электр тарату желісін орнату”, “Петропавл қаласындағы “Nord Hotel Group” ЖШС-нің “Hilton” сауда-қонақүй кешеніне инженерлік инфрақұрылым жүргізу”, “Шал ақын ауданындағы “Транс Агро Инвест” ЖШС-нің қант қызылшасын өңдеу жөніндегі зауытқа инженерлік инфрақұрылым жүргізу” жобаларын жүзеге асыру қолға алынады.
Астаналық “Био ТЭС” ЖШС Қызылжар ауданында қуаттылығы 1 МВт болатын биогаз энергиясы көзін орнатуды жоспарлап отыр. Бүгінгі күні оған жер бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Жобаны пайдалануға беру биылға жоспарланған.
Облыс бойынша атқарылатын тиесілі жұмыстардың ауқымы осындай. Сондықтан Елбасы Жолдауында айтқандай: “Бүгінгі ахуал – біздің жетістіктерімізді сынға салып, елдігімізді шыңдай түсетін уақыт тезі. Жауапты сәтте бірлігімізді сақтап, еліміздің игілігі үшін аянбай тер төгуіміз керек. Біріміз – бәріміз үшін, бәріміз – біріміз үшін деген қағиданы ұстанып, еңбек етуге тиіспіз”.
Антон ФЕДЯЕВ,
облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы.