«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІЗДІ ДЕ ОЙЛАСА …

Мен Петропавл қаласында тұрамын. Зейнетке шыққаннан бері қолым босап, теледидар қарауға, газет-журнал оқуға көбірек уақыт бөлетін болдым. Елімізде, облысымызда болып жатқан өзгерістерге назар аударып, күнделікті жаңалықтарға құлақ түріп отырамын.

Өзім де көп жылдар бойы экономика саласында қызмет еттім. Сол себепті елімізді экономикалық қиындықтар қандай тығырыққа тіреп отырғанын жақсы түсінемін. Тек табан ақы, маңдай термен адал еңбек етіп, жұдырықтай жұмылудан басқа амал жоқ.

Нан бағасының еркіндікке жіберілгеніне де бір айға жуық уақыт өтті. Бұл да нарықтың талабы. Алайда, “Қазаншының еркі бар, қайдан құлақ шығарса” демекші, жеке кәсіпкерлер нан бағасын тым шарықтатпаса екен деймін. Мен 20-шы шағынауданда тұрамын. Күн сайын қасымыздағы “Нан плюс” дүкенінен нан аламын. Жаңа жылға дейін ең арзан нан 45 теңге болса, қазір 60 теңгеден сатылуда. Ал басқа дүкендерде баға одан да жоғары. Айтайын дегенім, зейнетақымыз 9 пайызға артқанымен, нан бағасы шамамен 33 пайызға көтерілді. Сонда кәсіпкерлер “қонышынан бассам – өз етігім” деп ойларына келген бағаларын қоя бере ме?

Ғали ЖАРҚЫНҰЛЫ,

зейнеткер.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp