«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДАҒДАРЫСҚА ДАЙЫНБЫЗ

Экономикалық дағдарыс, әлемдегі саяси шым-шытырық. Қазіргі жағдай, шын мәнінде, күрделі. Біз өзіміздің, еліміздің тағдырына алаңдаймыз және Елбасымыздың саяси мәлімдемелерін өте мұқият қадағалап отырамыз. Жыл сайынғы Жолдауларында ол біздің еліміздің бағыты қандай екендігін, өміріміздің әртүрлі салаларында не болып жатқандығын айтып отырады.

Әрқашан Президентті тыңдай отырып, азамат ретінде менің қызметіме қатысты салада қандай өзгерістер болатындығына назар аударамын. Менің өмірімде не өзгереді, неге назар аударуым керек? Мүмкін, қызметтің басқа түріне мұқият қарауым қажет шығар? Президент еліміз жүретін жолды көрсетеді, ал біз сол жолдан орнымызды табуға тырысамыз.  

Тек біздің елімізде ғана емес, бүкіл дүние-жүзінде де қиын жағдай – ортақ дағдарыс орын алып отырғандығын Елбасымыз атап айтты.

Қалыптасқан жағдайға сәйкес жаңа технологияларға иек артуымыз керек. Оны ұзақмерзімді болашақта емес, осында және қазір атқару қажет. Нұрсұлтан Әбішұлы бұдан да қиын кезеңді бастан кешкенімізді және біздің еліміз оны абыроймен еңсере білгенін айтты. Жағдай күрделі. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағыдай емес, біз оған дайынбыз. “100 нақты қадам” Ұлт жоспары бағдарламасы дер кезінде қабылданды. Қазақстан осы бағдарламаны жылдам қабылдап үлгергендігімен бүкіл дүниежүзінің қызығушылығын туғызды. Біз пікірталаспен тұйықталып қалған жоқпыз, аз уақыттың ішінде соның барлығын талдап, заңға айналдырып үлгердік.

Мен Президенттің бәсеге қабілеттілік туралы айтқанын да естідім. Елбасы өз Жолдауында тиімсіз кәсіпорындарды қолдау саясаты оңалтуды кешіктіретіндігін атап айтты. Ерте ме, кеш пе, бәрібір, шешім қабылдауға тура келеді.

Дүниежүзілік сауда ұйымына қабылдануымыз біздің экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігін көтерудің шешуші факторларының бірі. Президент әрбір өңір белгілі бір бағытты таңдап алуға тиіс, деді. Бір жерде – өсімдік шаруашылығы, екінші жерде – пайдалы қазбаларды өндіру, үшінші жерде – ғылым мен қаржы. Өз өндірісімізде ішкі нарыққа ғана бейімделмей, экспортта да өз орнымызды табу үшін ірі компанияларды, соның ішінде халықаралық инвесторларды тарту қажет.

Елбасы аз қамтылған азаматтарды қорғау жалғасатындығын да алға тартты. Қолданыстағы бағдарламалардың кемшіліктерімен жұмыс істеп, жаңа міндеттерді жүзеге асырған кезде қалай өзгеретіндігін байқауымыз және тұрғындардың әлжуаз топтары зардап шекпейтіндей жасауымыз қажет.

Сергей ХУДЯКОВ,

 “СҚО-ның Азаматтық альянс қауымдастығы” ЗТҚ төрағасы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp