«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Деректер мен дәйектер

Солтүстік Қазақстан облысында 74 қосымша білім беру ұйымы жұмыс істейді. Соның ішінде 48 мекеме Білім басқармасына (оның 10-ы жекеменшік), 26 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі және Денешынықтыру және спорт басқармасына қарайды. Оқушыларды қосымша біліммен қамту деңгейі олардың жалпы санының 45,5 пайызын (республика бойынша 23 пайызын) құрайды.

2014-2015 жылдары қосымша білім беру мекемелерінің желісін әр ауданда аулалық клубтар ашу есебінен кеңейту жоспарлануда. Бұл балаларды ұйымдастырылған демалыспен 50 пайызға дейін қамтуға мүмкіндік береді. Қосымша білім беру аясында облыс орталығында 20 жылдан астам уақыт Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы қызмет етуде. Ондағы 60-тан астам балалар шығармашылығы бірлестіктерінде 1000-нан артық бала өздерінің қалаулары бойынша сүйікті істерімен айналысады.

  Облыстық статистика департаменті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp