«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Елордаға ұшып келген 104 жолаушы стационарлық карантинге жатқызылды

Нұр-Сұлтанға шетелден ұшып келген ПТР тесті жоқ 104 жолаушы стационарлық карантинге жіберілді. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының “Instagram» парақшасында жарияланды.

Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының мәліметіне сәйкес, бүгін түнде Нұр-Сұлтан әуежайына 4 ұшақ қонған. Рейстерді Turkish Airlines, Air Astana және Flydubai авиакомпаниялары жүзеге асырған. Белгілі болғандай, аталған рейстермен барлығы 514 адам ұшып келген көрінеді.
“104 жолаушыда ПТР-тест жоқ, олар стационарлық карантинге жіберілді. ПТР сынақтарын тапсырғаннан кейін олар үйге жіберіледі, оң нәтиже болған жағдайда олар жұқпалы аурулар ауруханасына жіберіледі. 1 жолаушы депортацияланды”, делінген хабарламада.


 https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp