Солтүстікқазақстандық полицейлер рейд барысында петропавлдық тұрғынның үйінен 39 грамнан астам героин тапты.
Сарапшылардың айтуынша, “Черемушки” шағынауданында тұратын 46 жастағы азаматтың үйін тінту кезінде табылған 8 түйіншекке түйілген 39 грамдық ұнтақ героин болып шықты.
– Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297- бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, – дейді қалалық ішкі істер басқармасының есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің аға жедел уәкілі Диана Смағұлова.
Тергеу барысында күдіктінің бұрын да ұрлық жасап, істі болғаны анықталды. Ірі көлемдегі есірткіні танысынан алғанымен, өзі нашақор емес екен. Героинды қандай мақсатта иеленгені қазір анықталу үстінде.
Ақбөпе ТӘҢІРБЕРГЕН,
журналист.