Алдағы жылы облысымызда медициналық құрылғылардың едәуір бөлігін жаңарту көзделіп отыр. Осы мақсатқа облыс бюджетінен 1 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінеді деп күтілуде. Аталған сомаға 149 қондырғы сатып алынбақ. Ал республика қорынан қосымша бөлінетін 968 млн. теңге 5 “Жедел жәрдем” көлігі мен су жаңа 7 қондырғы сатып алуға жұмсалады.
Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Рашида Иванованың айтуына қарағанда, үстіміздегі жылы өңіріміздегі медициналық мекемелерге қондырғылар сатып алу үшін жергілікті бюджеттен 400 млн. теңгеден астам қаржы бөлініп, ол өз мақсатына жұмсалды.
Алма ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ,
“Солтүстік Қазақстан”.