«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАСТАР ЖАСАҒЫ

Облыстық ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов Петропавл қаласындағы темір жол колледжінің оқушыларымен кездесіп, облысымыздағы жастар жасағы туралы әңгімелеп берді.

Бүгінде Петропавлда қоғамдық тәртіпті сақтауға жәрдемдесетін бес жастар жасағы бар. Белсенділер түнгі клубтарда кезекшілікте болады, аймақтық полиция пункттерінде жұмыс істеп, құқық бұзушылық пен қылмысты да анықтайды. Биыл олардың белсенді қатысуымен 2 қылмыс, 103 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Сондай-ақ, жыл басынан бері облыста орта арнаулы оқу орындарының оқушыларымен жасалған 6 қылмыс тіркелді.

Жиын барысында құқықтық тәрбие жайы айтылып, полицияға қызметке қабылдау шарттары туралы ақпараттар берілді.

Юрий КЛЫКОВ,

облыстық ішкі істер департаменті

баспасөз қызметінің аға инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp