«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАСТЫҚ ЖІГЕРМЕН

2015 жылдың соңындағы Елбасының қатысуымен өткен индустриялық-инновациялық жобаларды пайдалануға беруге арналған жалпыұлттық телекөпір кезінде “Радуга” серіктестігінің жаңа зауытында өрімдей жас жігіттер мен қыздардың істейтіндігіне қуанып қалған едік. Өйткені, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев “Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму” Жолдауында ел үмітін арқалаған жастарға: “Жұмыс пен сұраныс бар өңірге батыл барыңдар. Шеберліктің шыңына жете білсеңдер мамандықтың бәрі жақсы. Қазір техникалық мамандықтардың, ғылым мен инновацияның күні туған заман. Ерінбей еңбек еткен, талмай ғылым іздеген, жалықпай техника меңгерген адам озады”, – деді ғой. Аталмыш зауытта бөлшектеп өлшейтін желіде оператор болып еңбек етіп жүрген Әділхан Сыздықов Жолдауда айтылған ойға сай өмірден өз орнын тауып отыр десе де болады. Ол да қатарластары сияқты орта білім алғаннан кейін арман қуып, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-ді инженер-техник мамандығы бойынша аяқтады.

– Мамандығым бойынша еңбек етіп жүрмегеніме өкінбеймін. Төменгі баспалдақтардан өтіп барып, жоғары өрлеу керек деген қағидаға қосыламын. Бәрінен бұрын тәжірибе жинақтауым керек. Мынадай жастар ортасында жұмыс істеудің, жұртқа қажетті бірегей өнім шығарудың өзі қанаттандырады. Алар асу әлі алда деп білемін, – дейді жас маман.

Нұрсайын ШӘРІП,

“Солтүстік Қазақстан”.

 Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp