«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАС БИОЛОГТЕРДІҢ ЖҮЛДЕСІ

Облыс орталығындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің бір топ оқушысы жуырда Новосібір қаласында өткен 6-шы “Жас биологтер турниріне” қатысып, жүлдегерлер атанды.

Биология саласының білгірлерін бір арнаға тоғыстырған бүкілресейлік додада еліміздің намысын қорғаған мектебіміздің бес оқушысы: Светлана Захарова, Карина Кунакова, Томирис Ибраева, Әділхан Шоқанов және Айғаным Саханова мұндай үлкен сайысқа алғаш рет қатысып, Ресейдің түкпір-түкпірінен жиналған ең мықты жас биологтермен білім таластырып, үшінші орынға жайғасты. Оларды байқауға дайындаған тәлімгер, директордың ғылыми және әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Мария Липчанская байқау әдеттегі білім сайыстарынан өзгеше болды, дейді. Бұл турнирде оқушылар топпен жұмыс істеп, тапсырманы ауызша қорғап, білім көкжиегін көрсетіп қана қоймай, шешендік өнерге де кенде еместігін танытуға тиіс болды.

Оқушыларымыз қарсыластарынан асып түсу үшін тапсырмаларды дұрыс шешуге тырысып, жауаптарын пікірсайыс барысында қорғап, оны айрықша үлгіде көрсете білді. Бұл олардың ғана жеңісі емес, жаңадан ашылған мектебіміздің де абыройы.

Дәметкен МАРАТ,

Назарбаев Зияткерлік мектебінің

8 “С” сынып оқушысы.

Петропавл қаласы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp