«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жас кәсіпкерге жаңа мүмкіндік

Өмірі­ еңбекпен өрілген адам ғана бақыт пен байлыққа қол жеткізері анық. Адал еңбектің нанын тауып жеймін дейтіндерді біздің елімізде ешкім де қолынан қақпайды. Әрі кәсіп ашып, табысын еселей түсу үшін арнайы көмек те беріледі. “Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020” бағдарламасы жас кәсіпкерлер үшін үлкен мүмкіндік. Мамлют ауданы тұрғындарының арасында мемлекеттік бағдарламаның игілігін көріп отырғандар аз емес.

Разалья Мендеева – жас кәсіпкерлердің бірі. Ол аудан орталығынан қоғамдық тамақтану орнын ашып, екі жерлесін жұмысқа алды. Оның дәмханасына келушілер қатары күн санап көбеюде. Әрі тамағы дәмді, бағасы да қалта көтереді. Сондықтан аудан тұрғындарының көңілінен шығып отыр.

– “Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020” бағдарламасы арқылы 1,8 миллион теңге несиеге қол жеткізіп, ол қаржыға жиһаздар мен асхана жабдықтарын сатып алдым. Мемлекеттен беріліп отырған жеңілдетілген несие мен сияқты кәсібін жаңа ашқандар үшін өте қолайлы. Өйткені, бірінші жылы жеңілдік жасалады, қарызды екінші жылдан бастап төлеуге болады. Алдағы уақытта жеке ісімді кеңейтіп, кәсіпкерлік саласында аяғымнан нық тұрғым келеді. Ол үшін, әрине, тағы да мемлекеттің көмегіне арқа сүйемекшімін, – дейді Разалья Мендеева.

Надежда Бикина болса, балаларға арналған алаңқай ашып, жерлестерінің ризашылығына бөленді. Мамлютка қаласының жеткіншектері үшін ойын алаңын салып берген кәсіпкердің сөзінше, бұл жерде күн сайын ондаған бала бос уақыттарын өткізе алады.

Жанар СҮЛЕЙМЕНОВА,

журналист.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp