
Бұл – өңірімізді жылу және электр қуатымен қамтамасыз етіп отырған іргелі кәсіпорынның мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жүзеге асырып отырған екінші жобасы. Бірінші жоба, “Алақай” балабақшасы өткен жылдың осы мезгілінде қолданысқа беріліп, бүгінде онда 320 бүлдіршін тәлім-тәрбие алуда. Жаңа жатақханаға Петропавл қалалық әкімдігінде пәтер кезегінде тұрған 18 отбасы да қоныстанады. Қалғаны энергетиктерге беріледі.
– Компанияның өз еңбеккерлерінің әлеуметтік жағдайына жауапкершілікпен қарауын үлгі тұтуға болады. Бұл жатақхана ондаған отбасының құтты шаңырағы боларына сенімдімін. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және өздерінің кәсіби мерекесіне осындай тарту жасап жатқан кәсіпорын басшыларына алғыс білдіремін. Акционерлік қоғамның жаңғырту шараларына үлкен қаржы бөліп отырғандығын атап өткен жөн. Кәсіпорын құрал-жабдықтарының 70-75 пайызын жаңартып, қуаттылығын арттырып, қызмет көрсету сапасын көтеруде. Бүгін жатақханаға қоныстанғалы отырған баршаңыздың қуаныштарыңызға ортақпыз, шаңырақтарыңыз кеңейе берсін! – деді Ерік Сұлтанов.
Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ,
“Солтүстік Қазақстан”.
Суреттерді түсірген
Талғат ТӘНІБАЕВ.