«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҢАЛЫҚТАР

БОЛАТ — ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ

Болат Булендин – ха­лықаралық дәрежедегі спорт шебері. Оның­ жетістіктерінің тізімінде – “WRPF” федерациясындағы әлем­ және Азия чемпионы, пауэрлифтинг және жатып көтеру бойынша Қазақстан Республикасының чемпионы титулдары бар. Ол спорттық мансабында екі рет әлемдік ре­­­корд орнатқан.
Отандасымыз, сондай-ақ, “GOLDEN TIGER – XIII” халықаралық мультитурнирінде 82,5 килограмм салмақта 4 алтын медальды қанжығасына байлады. Күш қол­данылатын спорт түр­ле­рінің дәстүрлі фестиваліне 50 спорт түрі бойынша 9 мыңға жуық спортшы қатысқан болатын.

Алаңдағы төбелес

Гуатемала чемпионатында “Шелаху” мен “Мунисипаль” арасындағы матчта жаппай төбелес орын алды.
Төбелес екі ойыншының сөзге келіп қалуынан басталған. Осыдан кейін басқа да футболшылар жанжалға араласты. Бір қызығы, қос команданың бапкерлері де бір-біріне жұдырық сілтеуден тайынбаған.
Ойынның бас төрешісі “Мунисипальдің” екі, ал “Шелахудың” төрт ойыншысын, сондай-ақ, екі команданың бапкерлерін алаңнан қуды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp