«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҢА БАСШЫЛАР ТАНЫСТЫРЫЛЫП, жыл басынан бергі жұмыс сараланды

Кеше облыс әкімі Ерік Сұлтановтың төрағалығымен өткен кеңесте екі ведомствоның жаңа басшылары таныстырылып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша 5 айдың қорытындысы сараланды.

Өңір басшысы облыс активіне Тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі агенттік төрағасының бұйрығымен облыстық Тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі департаменттің басшысы-бас санитарлық дәрігері болып Қайырғали Исенеевтің тағайындалғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, өзінің өкімімен облыстық Құрылыс басқармасының басшысы қызметіне тағайындалған Ратмир Ахметовты таныстырды.

Үстіміздегі жылдың өткен 5 айындағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы жайында облыстық Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айгүл Хасенова баяндады. Оның мәлімдеуінше, Ақжар, Жамбыл, М.Жұмабаев, Қызылжар аудандарында өнеркәсіптік өнімнің табиғи көлем индексі біршама төмен. Оған мал еті, ұн және сүт өнімдерін өндіру көлемінің кемуі себеп болып отыр.

Жиынды қорытындылаған Ерік Сұлтанов тиісті басқарма басшыларына алғашқы жартыжылдықтың қорытындысы бойынша өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының жоспарлы көрсеткіштерін 100 пайыз орындауды қамтамасыз етуді тапсырды.

Жадыра ЕСЕНГЕЛДІ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp