«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҢА БАСҚАРМАЛАР

Облыстық мемлекеттік кірістер департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді жұмыс істеу мақсатында ішкі қауіпсіздік және адам ресурстары басқармаларын құрды.

Ішкі қауіпсіздік басқармасы – мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылыққа жол беруінің алдын алу шараларымен айналысады. Адам ресурстары басқармасы – әкімшілік қызметкерлер тарапынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметіне қойылатын талаптардың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп кодексіндегі заңнамалар талаптарының орындалуын қадағалап, алдын алу жұмыстарын жүргізеді. Басқармалар мемлекеттік қызметке өтініш білдірген кандидатты жан-жақты тексереді.

Департамент қызметкерлері тарапынан Әдеп кодексі талаптарының орындалуы мониторинг арқылы тексеріліп отырылады. Үстіміздегі жылдың тоғыз айында Әдеп кодексінің нормаларын бұзған алты қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Сыбайлас жемқорлық тақырыбында ведомстволық мекеме 23 семинар, консультациялық 2 отырыс ұйымдастырды. Қыркүйек айында “Кәсіпкерлік субъектілердің сыбайлас жемқорлық жайындағы ескертулерін ескеріп, шаралар жүргізу” тақырыбында “дөңгелек үстел” өткізілді. Ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуал ұдайы назарда ұсталып, департамент қызметкерлері арасында сауалнама жүргізіледі. Сондай-ақ, департамент қызметкерлерінің жеке кірісі туралы декларациясының уақтылы өткізілуі бақыланады.

Осындай жүйелі жұмысқа қарамастан заңсыз әрекеттер әшкереленуде. Жылдың басынан бері департаменттің бес лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Болатбек ШАЙКЕНОВ,

облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің

адам ресурстары басқармасының басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp