«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҢА ЖАСТАР ОРТАЛЫҒЫ

Егемендік алғаннан бері облысымызда алпыстан астам жастар істерімен айналысатын ұйымдар құрылды. “Бұл Мемлекет басшысының еліміздің болашағы саналатын жастарға артып отырған сенімі мен әкелік қамқорлығының көрінісі”, – дейді облыстық жастар бастамалары орталығының директоры Тимур Жұманов.

Өрендерді толғандырып жүрген мәселелердің оңтайлы шешілуіне көмектесетін орталық жуырда Петропавл қаласында да ашылды. Әзірге орталықта сегіз адам жұмыс істейді. “Біз өрендерге арналған “Жастар тәжірибесі”, “Дипломмен – ауылға!”, “Сәтті қадам” сияқты бірқатар бағдарламалар мен жобалардың жүзеге асуын қадағалап, ниетті өрендерге қолдау көрсетеміз. Облы­с орталығында түрлі білім, өнер, кәсіп­керлік, дін сынды өмірдің сан саласында жүрген жастардың ойларымен, бастамаларымен санаса отырып, сондай-ақ, мүм­кіндігі шектеулі жандардың да мұң-мұқтаждарын ескеріп бірлесе жұмыс жүргізуді көздеп отырмыз, – дейді Петропавл қалалық жастар бастамалары орталығының директоры Рүстем Есенбергенов.

Нұргүл ОҚАШЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp