«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҢСАҚ ПІКІРДЕН АРЫЛ

Облыстық онкологиялық диспансерде “Ашық есік күні” ұйымдастырылды. Шара аясында мамандар жиылғандарға сүт безі обырының пайда болу себептерін жан-жақты түсіндірді.

Бұл дерт уақытында анықталса, оның емі нәтижелі болатынын тілге тиек еткен ақ халаттылар скринингтік тексерулердің пайдасына тоқталды. Жыл басынан мұндай шаралардан 12 мыңнан астам қыз-келіншек өткен. Оның 29-да обыр дерті анықталыпты, 164 әйел адам есепке алынған.

– Сүт безінде болатын қандай да бір өзгерістерге әйелдер немқұрайды қарамауы керек. Бір күдік туындаған жағдайда міндетті түрде келіп, тексерілуі қажет. Ауруды емдеудің көптеген жолдары бар. Ол – ота жасау, сәулелік терапия және дәрілік препараттар арқылы емдеу. Көп әйелдер кеудесінде ісік пайда болса, ол жазылмайды деп сезіктене бастайды. Бірақ, бұл жаңсақ пікір. Ондайға бой алғызуға болмайды. Барынша ерте баста анықталған обыр дертінің 90 пайызы емделеді, – дейді облыстық онкологиялық диспансердің бас дәрігерінің орынбасары Олег Дудяк.

Облыстық онкологиялық диспансердің маммолог-дәрігері Ирина Астанина сүт безі обыры жақын туысқандарда болса, ауру қаупі күшейетіні жайында мәлімет берді. Әйелдердің денсаулығына алаңдаған мамандар жиналғандарды саламатты өмір салтын ұстанып, уақытымен медициналық тексеруден өтіп тұруға шақырды.

Алма ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp