Облыс орталығында жергілікті билік өкілдері, депутаттар, қоғам қайраткерлері бас қосып, саяси және экономикалық реформалар жайында пікір алмасты. Жиынға “Қазақстан–2050″ жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы Мұхтар Манкеев қатысты.
Шара барысында облыстық мәслихаттың хатшысы Владимир Бубенко, қоғам қайраткері Иван Чиркалин, кәсіпкер Сайран Хамзин елдегі саяси және экономикалық жаңғыруларға байланысты пікірлерін білдіріп, ойларын ортаға салды.